Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда КАМАЗ жүргізушілері наразылық білдірді

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2024
  • 335

Алматыда КАМАЗ жүргізушілері наразылық білдірді. Ауыр көлікті тізгіндеушілер қалада қаптаған мопед, самокатқа қарсы. Қай жақтан қайсысы шығып қалады деп рөлде елеңдеп отырамыз дейді. Толығырақ тілшіміз жеткізеді.

Алматы қаласында мопед пен самокатқа мінген жастардың қарасы қалың. Бұл үлкен қауіп тудыруда дейді тұрғындар. Әсіресе, көлік жүргізушілері наразы. Олардың жүруіне кедергі келтіретін көрінеді.

Нұрғали АМАНҚҰЛОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Мен мысалы таңертең азанымен жұмысқа шыққанда үреймен шығамда үреймен. Когда шығасың 16-14 жастағы балалар мопед айдап шығады.Білмейсің оң жағыңнан келе ма?, сол жағыңнан келе ма? Біз әлде жолға қараймыз ба?

Роза ОТАРҚОСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менің бауырым осы жылы өзінің ауыр жүк көлігімен 12 жасар баланы самокатпен оң жағынан кіріп кеткен. 12 жасар баланың самокат айдауға құқығы болмаған. Самокатчиктардың өздерінің құқығы қорғалған. Олар 18 жасқа толмаған, кәмелет жасына толмаған балдарға самокат бермейді. Ал осы самокатты жолын тауып алып беріп жатқан ағасы әкесі көкесі соларға бір шара қолданса деймін.

Бір ғана Алматының өзінде былтыр мопедтердің қатысуымен 223 жол көлік оқиғасы болған. 240 адам жарақат алса, 8 адам көз жұмды.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Мопедтердің барлығын жаппай мемлекеттік тіркеуге алу жұмыстары бойынша заңнама қазіргі таңда мәжілісте қаралуда, талқылануда.

Жомарт ДУЗЕЛБАЕВ, ТІЛШІ:

Асымды адалынан табамын деп ағылған көліктің арасына кіріп, ажал құшып жатқан жастардың саны көбеймесе, азаяр емес. Құзырлы органдар осы жылы да тиісті шараларды қолданбаса тағы қанша адамның мерт болары белгісіз.