Русский Сайттың толық нұсқасы

Шаштараздан телефон ұрланды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2024
  • 555

Елорда тұрғыны полицияға арызданып, оның шаштаразынан белгісіз біреу Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін жеткізген.

Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.

Тергеу барысында салонға келген ер адам шаштараздан шашын қысқартуды өтініп, бірақ төлеуге ақшасы жоқ екенін айтқаны анықталды. Оны аяған шебер шашын түзеп көмегін көрсеткен. Алайда салоннан шығып бара жатып, қаскүнем үстел үстінде жатқан шаштараздың ұялы телефонын жымқырып үлгерген. Ол ұрланған олжасын кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға сатып, саудалап жіберген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысты деген күдікпен 54 жастағы ер адамды анықтаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.