Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилияда алапат су тасқынынан 50-ден аса адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2024
  • 530

Бразилияда нөсерден кейін болған су тасқынынан көз жұмғандар саны 50-ден асып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бразилия азаматтық қорғаныс қызметінің дерегіне сәйкес топан судан 56 адам көз жұмған. Тағы 67 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Су тасқынына Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы өзендердің арнасынан асуы себеп болған. Штат губернаторы Эдуарду Лейте тасқынды аймақ тарихындағы "ең сұмдық апат" деп атады. 

Қазіргі таңда Порту-Алегри қаласына су басу қаупі төніп тұр.Мұнда 1,5 миллион адам тұрады. Билік қаланың алғашқы кварталындағы халықты эвакуациялау туралы шешім қабылдаған. 

29 сәуірден бері елде су тасқынынан 350 мың адам зардап шекті, 260 елді мекен су астында қалды. Тасқын салдарынан көпірлер мен өзге де нысандарға зақым келді.