Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан жаз соңына дейін қант экспортына тыйым салады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2024
  • 694

Қазақстан жаз соңына дейін қант экспортына тыйым салады. Бұл туралы 6 мамырда белгілі болды.

Үкіметтегілер бұл шара алдағы жазғы маусымда қазақстандықтардың қантқа деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады.

"6 мамырда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қант қызылшасының жаңа өнімі жиналғанға дейін ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды", делінген хабарламада.

Қазiргi уақытта қоймалардағы қант қорының және Қазақстанға импорт көлемiнiң теңгерiмi шамамен 256 мың тонна, бұл елдiң жылдық қажеттiлiгiнiң жартысы (500-550 мың тонна).