Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2024
  • 600

23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітіледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталында Туризм және спорт министрлігінің қаулы жобасы жарияланды. Құжат 22 мамырға дейін көпшілктің ашық талқылауында болады.

Жоба қабылданса, 2025 жылдан бастап Ұлттық кітап күні атап өтіледі.

Айта кетейік, биыл Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азамат ұсынған Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастаманы қолдаған болатын.