Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицейлер бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйінде автокөлік құралын басқарғанын анықтады

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2024
  • 1042

Астанада жүргізуші құқығынан айырылғанына қарамастан масаң күйде көлік тізгіндеген адам анықталды.

Елордалық полицейлер бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйінде автокөлік құралын басқарғанын анықтады.

Күндізгі сағат 12.15 шамасында Сырымбет көшесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Toyota Mark 2 маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүргізушінің тиісті құжаттарын тексеру барысында 31 жастағы

азаматтан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған.

Тексеру барысында оның 2023 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталған. Сонымен қатар, бұл жолы да ер адамның масаң күйде болғаны расталған.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ол "орташа" дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабымен "көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.