Русский Сайттың толық нұсқасы

Иванка Трамп - Мария Антуанетта... Д.Трамптың иммиграциялық жарлығы туралы

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2017
  • 2375

Дональд Трамптың иммиграциялық жарлығына байланысты бірер сөз.

Мына суретте оның ақылды қызы Иванка күйеуі Джаред Кушнермен жарқырап тұр. Иванканың Carolina Herrera маркалі «күміс көйлегі» 5 мың доллар. Мәселе оның бағасында емес. Өткен демалыс күндері президент әкесінің иммиграциялық заңына наразылық күшейген тұста ол осы суретін жариялап, жұрт оған француз патшайымы болған Мария Антуанеттаны есіне салды. Мария Антуанеттаның аш халыққа «таңғалып», «аш болса, тоқаш жемей ме» дегенін. Айнаға емес,Сирия балаларының көз жасына қарауды нұсқап. 

Дональд Трамптың иммиграция заңын тым қатайтқаны – оның ішінде негізінен мұсылман тұратын 7 елдің - Ирак, Иран, Сирия, Сомали, Судан, Йемен, Ливия азаматтарын қабылдамау бабы бар, мәлім. Әлемдік Ақпарат құралдары бұл жарлықтан мыңдаған студент, ғалым, дәрігер, ауруы асқынған адамдардың зардап шегіп бастағанын жазып жатыр. Жаңағы елдердің АҚШ-тың лабораторияларында жұмыс істеп докторлық қорғайын деп жүрген, дәріс оқитын оқымыстылары абдырап қалды. Америка университеттері қауымдастығының президенті Мэри Сью Коулманның есебінше, аталған елдерден оқып жатқан студенттердің саны 17 мыңнан асады. Мысалы, Ираннан барып оқып жатқан лингвист Ваниде Разехи қысқы демалысын өз елінде өткізген. Қайтқанында Нью Йорктегі Кеннеди әуежайында ұсталады... 

Судан астанасы Хартумнан доктор Камаль Фаддала да ұша алмаған – сөйтіп өзі жұмыс істейтін Бруклиндегі көппрофильді медициналық орталыққа жете алмай қалған. «Мен қайғырып отырмын. Әрі қарай не істейтінімді білмеймін. Банктердегі есепшоттарым, үйім, достарым, пациенттерім - бәрі сонда»,- деген.

Әлемгі әйгілі компаниялардың жетекшілері де қарсы шығып жатыр  - мысалы, Google –ң бас директоры Сундар Пичаи жарлықтың 100-ден аса қызметкеріне «тиетінін» жариялады. 

«Америка экономикасы мен ғылымы иммигранттар мен босқындардың да есебінен керемет етін. Екіншіден, қорлық пен зорлықтан қашқандарға пана болып келе жетқан дәстүріміз бар. Әлем бізді қорған көреді. Енді не болмақ?» Көшеге шыққандар, наразылық білдіріп жатқандардың айтып отырғаны осы...

Бір тоқталатыны -  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күлбелтелемей, ашық мәлімдеді: « Бұл жарлық керісінше, біз күресіп жүрген террорлық ұйымдардың насихатымен қабысып, негативті реакция мен қатыгездікті туғызады».

Шынымен дүниеде «жаңа» көп. АҚШ-та Рекс Тиллерсон Мемлекеттік хатшы болып ақыры сайланды. Украинаның шығысында тағы атыс басталды. Оны Кремль «Киевтің ақша боспалсау үшін жасап жатқаны, Ресейді тағы тиран ғып көрсету» деп сипаттап үлгерді. Ал Киев керісінше, «Мәскеу Трампқа Донбассты өзі қадағалайтынын демонстрациялап жатыр», - дейді... Ресей Беларусьпен арада шекаралық зона жасамақшы. Еуразиялық эономикалық одаққа енетін, бауырлас елдер... Сондықтан...