Русский Сайттың толық нұсқасы

Бокстан ұлттық құрама Олимпиада қарсаңындағы соңғы жарысқа қатысады

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2024
  • 501

Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтетін "Елорда кубогіне" дайындалып жатыр, деп хабарлайды oympic.kz.

Дәстүрлі халықаралық турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді. Аталған сында ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары түгел қатысады.

Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов шәкірттері Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Айта кетелік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында Олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.