Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте соғыс ардагерлеріне пәтер берілді

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2024
  • 575

9 мамыр Жеңіс күнінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне пәтер кілттерін табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұратәлі Төлепбергенұлы мен Нина Мосуноваға Мемлекет басшысының арнайы жолдаған Алғысын жеткізді.

"Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз", - делінген Президент құттықтауында.

Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан- Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін "Ұлы Отан соғысы", "Германияны жеңгені үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" ордендерімен марапатталған.

Әкім бүгін жеңіс күнін жақындатқан екі ардагерді мерекелерімен құттықтай отырып, екі майдангерге пәтер кілтін табыстады.

Шымкент қаласының басшысы аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатынын айрықша атап өтті.

"Біз Жеңістің құндылылығын ешқашан ұмытпаймыз және бостандық үшін қаза тапқан батырлардың жарқын жадына тағзым етеміз. Сіздердің бойларыңыздағы ерлік пен ұлы рух, батылдық пен батырлық болашақ ұрпақ үшін табандылық пен патриотизмнің лайықты үлгісі болып табылады",- деді Ғабит Сыздықбеков.