Русский Сайттың толық нұсқасы

Пайдалы қазбаларды игеру ісіне инвесторларды көптеп тарту маңызды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2017
  • 3732

Пайдалы қазбаларды австралиялық үлгіде пайдалану арқылы инвесторларды көптеп тартуға болады. Жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жобасына қатысты қоғамдық тыңдауда мамандар осындай өзекті мәселелерді саралады. Қазір инвесторлар лицензия алу үшін екі-үш жылын сарп етеді. Ал, кодекске өзгерістер енсе, бұл құжат 2-3 күнде дайын болмақ. Яғни қағазбастылықтан арылып, жерді игеру құқығы жеңілдейді. Елбасы биылғы Жолдауында, Үкіметке жаңа кодекс қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырған. Енді осы жобаны іске асыру үшін білікті кадрлар дайындау мәселесі де қолға алынып жатыр.

Базарбай Нұрабаев, ҚР ИДМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы:

Бүгінгі таңда жасап жатқанымыз, мына кодекс қабылданғанша, біз өзіміздің қазақстандық есеп жасайтын халықаралық дәрежесі бар, сертификаты бар адамдарымызды даярлауымыз керек. Соған оқыту мәселесін біз қолға алып, соны істеп жатырмыз.

Дүниежүзінде жыл сайын барлау жұмысына 11 млрд доллар бөлінеді. Оның 18%-ы Канаданың, 12%-ы Австралияның үлесінде, ал Қазақстанға тек 1%-ға жуығы ғана тиесілі. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың 10 пайызын игерген Қазақстан үшін бұл төмен көрсеткіш. Сондықтан жаңа кодекс инвесторлардың қолайлы жұмыс істеуіне жол ашпақ.