Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мәйіттерді зорлаған қылмыскер Әділет органдарының қызметкері емес", - Талғат Уәли

Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдарды зорлады. Азғындық әрекетін видеоға түсірген. Оны әшкерелеуге ломбард қызметкері көмектесті. Қылмыскер телефонын кепілге қойып, ақша алмақ болған. Ал ломбард қызметкері құрылғыны бағалау кезінде интимдік видеоларды байқап қалып, дереу полицияға хабар берген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әділет министрлігі оны өздеріне қарасты мекеменің қызметкері емес екенін хабарлады. Мәйітхананы жеке күзет агенттігі қарауылдаған. Ал күдікті сол компанияның өкілі ретінде жұмыс істеген.