Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап Жолдауды кеңінен түсіндіріп жүр

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2017
  • 2190

Мәжіліс депутаттары Тобыл өңіріндегі өндіріс ошақтарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Елбасы Жолдауының басым бағыттарын баяндады. «СарыАрқаАвтоПром» серіктестігінің өндіріс алаңында болып, ірі зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорында құрастырылған электромобильді тізгіндеп көрді. Елбасы өз Жолдауында экспортқа негізделген экологиялық таза көлік өндірісін дамытуды тапсырған. Ал бәсекеге қабілетті көліктер келешекте еліміздің бетке ұстар бренді болуы тиіс, - дейді депутаттар.

Айзада Құрманова,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Инновациялық жүйелерді енгізу керек. Оны дамыту үшін Елбасы өз Жолдауында Үкіметке тапсырма беріп жатыр. Арнайы стратегиялық жоспар. Осы стратегиялық жоспарды жүзеге асырып, жүйелі тұрғыда  жұмыс істесек, біз көптеген кәсіпорындарды экспорттық бағытқа бейімдейміз, деп ойлаймын.

Елбасы Жолдауындағы басымдықтардың жастарға да қатысы бар. Қостанайлық студенттермен жүздескен депутаттар өскелең ұрпақты тарихи құжатта көрсетілген тапсырмаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Дәл осындай үндеуді Оралға барған Мәжіліс депуттары да студенттермен кездесуінде айтты. Жолдауда мемлекет басшысы білім беру процесінде IТ білім мен қаржылық сауаттылық, үштілділікке басымдық берліп отырғанына баса назар аударды.