Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттің бас дәрігері өзіне жала жапқан тұрғынды сотқа берді

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2024
  • 597

Шымкенттің бас дәрігері өзіне жала жабылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қала тұрғыны әлеуметтік желіде медициналық мекемеде емдеу шарасы дұрыс жүргізілмей отырғанын айтқан, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Қала тұрғыны өз сөзінде олқылыққа басқарма басшысының көз жұма қарайтынын да айтқан. Бұл дерек дәлелденбегендіктен, Шымкент денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков құзырлы органдарға шағым түсірген.

"Интернетте бір тұрғын шағымданған. Біздің бір медмекемеде "дұрыс қызмет көрсетпеді. Оны мен жауып отырмын" деген сияқты сөз айтты. Жемқорлықпен байланыстырып айтты. Дәрігерлер алды деген. Бірақ олай болмаған. Біздің қызметтік ар-ожданға нұқсан келтіреді. Сондықтан полицияға шағымымды білдірдім", - деді Шымкент денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.