Русский Сайттың толық нұсқасы

Газада соғысты тоқтату туралы келіссөз: екі тарап ымыраға келмей тұр

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2024
  • 692

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джон Кирби Израиль билігі мен ХАМАС арасында Каирде өткен келіссөздердің соңғы раунды сәтсіз өткенін айтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Джон Кирби бұл проблема өкініш тудыратынын айтты.

Кирби келіссөздер бойынша өткен кездесулердің қазір тоқтап қалғанын, бірақ АҚШ диалогты қайта бастауға күш салып жатқанын түсіндірді.

«Біз келісімге қол жеткізуге болатынына сенеміз», - деді Кирби.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, келіссөзге қатысушылар келесі аптаның басында Каирге немесе Қатар астанасы Дохаға баруды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге АҚШ билігі Израиль Газа секторында америкалық қаруды қолдану арқылы халықаралық гуманитарлық заңды бұзған болуы мүмкін деп санайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баяндамасында атап өтілгендей, ұрыс аймағындағы ауыр жағдайға байланысты жекелеген оқиғаларды бағалау немесе нақты қорытынды жасау қиын.