Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Grand Slam турнирінің соңғы соңғы жарыс күнінде медальсіз қалды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2024
  • 616

Қазақстандық дзюдошылар Астанада өтіп жатқан Grand Slam санатындағы турнирдің финалдық блогына өте алмады.

Бүгін, 12 мамырда бес салмақ дәрежесінде (үшеуі ерлер, екеуі әйелдер арасында) медальдар сарапқа салынып жатыр. Алайда қазақстандық спортшылар жүлделі орындарға ие бола алмады.

Біздің команданың барлық өкілі жекпе-жекті жарыстың алғашқы кезеңдерінде-ақ аяқтады.

Осылайша, дзюдошыларымыз өз алаңындағы турнирде төрт жүлдені қанжығасына байлады. Ғалия Тынбаева алтын медаль жеңіп алды. Елдос Сметов (60 келіге дейін), Бақытжан Әбдірахманов (73 келіге дейін) және Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.