Русский Сайттың толық нұсқасы

Шошқа бүйрегін салған адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2024
  • 607

Шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегін алған алғашқы адам трансплантациядан екі ай өткен соң қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ричард Слейман 62 жасында наурыз айында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті. Хирургтар, шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан еді.

Массачусетс жалпы ауруханасының трансплантациялау тобы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру операциясынан өткен алғашқы тірі адам болды.

Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын. Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.