Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық дихандар Ресейге қажетті көлемде күріш жеткізуге әзір

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2017
  • 5030

Ресейде күріш тапшылығы болуы мүмкін емес. Қызылордалық дихандар «Коммерсантъ» басылымының болжамына қатысты осылай деп отыр. Керісінше, Ресей Қазақстанға күріш экспортын жыл сайын арттырып отырған көрінеді. Былтыр тек Краснодар өлкесінде ғана бір миллион тонна күріш жиналған. Ал өзімізде күріш жеткілікті өндірілгенімен, шығыс өңірде Ресей күрішіне сұраныс жоғары. Жыл сайын рекордты өнім алатын Қазақстан күрішті қайда экспорттайды, көлемі қанша? Тілші анықтады.

Облыс дихандары бірнеше жыл қатарынан күріштен 420 мың тоннаның үстінде өнім жинап келеді. Тиісінше, экспорт көлемі артып отыр. Былтыр шамамен 50 мың тоннадай күріш сыртқа сатылған. Келісі нарықта 180 теңгеден саудаланды. Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзербайжан мен Ресейдің кей аймақтарына жіберілген.

Марат Сарсенбаев, «Абзал и К»  серіктестігі директорының орынбасары:

Жылда қырық мың тоннаның үстінде бізге импорт кіреді, Россияның өзінен ғана. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстандар - барлығы осы Россияның күрішін қолданады. Россияға біз тек қана ақ ұсақ сатамыз. Біздің дробленканы көбіне иттің тамағын жасауға және шоколад жасайтын, күріштің ұнын жасайтын мекемелер алады. Нестле компаниясымен біздің келісімшартымыз бар.

Ал бізде Ресей күрішіне сұраныс жоғары. Өткен жылы экпортты 40 мың тоннадан арттырыпты. Қазақстанға Ресейден бөлек, Вьетнам, Үндістан елдерінен де ақ жарма импортталады. Дихан Марат Сәрсенбаев итальяндық ғалымдардан кеңес алып, күріш сапасын арттырып отырғандарын айтты. Сол сияқты шаруалар да осыған күш салу керек дейді. Өйткені ортақ ережеге сай экспортталатын өнім жоғары сұрыпты болуы тиіс. Ал Сыр ғалымдары жақында ақ маржанды отандық брендке айналдыруға ниетті.

Серікбай Өмірзақов, Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

Ай-Сауле, Сыр сулуы, Салима сорттарын шығарып жатырмыз. Бұл сорттардын ерекшеліктері - біздің топырақ климат жағдайына өте бейімділенген, көктемгі суықты жақсы көтеріп, су астынан өсіп шығу энергиясынын күштілігімен, мүмкіншілігі мол сорттар. Ай-Сауле сортын көлемін көбейтіп, шаруашылықтарда, біраз жерде өсірдік. Қазіргі таңда  біздің қоймада 57 тоннасы тұтынушыларға өткізуге дайын тұр.

Әзірге өткен жылы жиналған 440 мың тонна 256 мың тоннасы қамбада жатыр.

Талғат Бекішев, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Күрішті Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдеріне жібереміз. Дәл солай бізге де импортталады. Күріш бойынша қиындық туындамайды, кез келген уақытта экспортқа жіберуге әзірміз. Біздің күріш бағасы жағынан да ең арзаны.

Ал қазақстандық ғалымдар өнімділігі гектарына 90 центнерге жетеді деген спорттарды көктемгі егіс кезінде шаруаларға ұсынғалы отыр. Ол кезде отандық күріштің сапасы артып, сұраныс көбеймек. Сондықтан экспорт көлемі де көбейеді деген сенім бар.

Шарипа САҚТАПОВА