Русский Сайттың толық нұсқасы

Су тасқынынан 315 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2024
  • 761

Ауғанстанның солтүстігінде су тасқынынан 315 адам қаза тапты. Тағы 1600-ден астамы жараланған.

Мұны Бағлан провинциясының әкімшілігі хабарлады.

Мыңдаған үй қирап, талай малды су алып кеткен. Жергілікті тұрғындар азық-түліксіз, баспанасыз қалғандарына шағымданып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

ЮНИСЕФ-тің дерегінше, құрбандардың ішінде 51 бала бар. Ал "Балаларды құтқар" қайырымдылық ұйымы су апатынан қатты зардап шеккен төрт ауданда 600 мыңдай адамның тұрып жатқанын мәлімдеп отыр.

Өткен айда Ауғанстанда дәл осылай жауған жаңбырдан кейінгі тасқыннан 70 адам қаза тапқан еді.