Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде дәстүрлі садақ атудан Қазақстан кубогы аяқталды

Семейде дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Кубогы өз мәресіне жетті. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам садақшы қатысты. Олар Пута, Қалқан, Жамбы және командалық жарыс түріндегі 4 нысана негізінде бақ сынады. Барлық спортшыға бірдей мүмкіндік берілді. Айта кетейік, шара 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылды.

Диас АХМЕТОВ, ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Бұл жерде көшпенділер ойынының ер адам категориясы бойынша соңғы алтыншы лицензиясы болып жатыр. Яғни үш спортшы оның ішінде Сүйсегүйзел Али, Қанат Қасымхан, Қанат Абылайхан сол бір орынға үшеуі таласып жатыр. Яғни бүгінгі қазақстан кубогында осы үш спортшының кім үздік болады сол жолдама алады қатысуға.

Ахмет МҰҒАЛОВ, АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ /АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ/:

Ұрпақ үшін өте маңызды себебі алғаш осы қолымызға алған кезде ешқандай спорт түрі де болған жоқ. 5-6 адам ғана бастадық. Міне бүгінгі күнде 5 мыңдай садақшы бар. Бүкіл Қазақстан бойынша.