Русский Сайттың толық нұсқасы

"200 мың теңгеден астам айыппұл төледік",-тұрғын

Астанада салынғанына бес жыл болған тұрғын үйдегі коммуналдық жүйелер қала меншігіне берілмеген. 100-ден астам отбасы қазір соның әуресімен жүр. Соның салдарынан қыруар айыппұл төлеуге мәжбүрміз дейді олар. 

Бұл көпқабатты үйлер Үкілі Ыбырай көшесінде орналасқан. Пайдалануға берілгеніне бес жыл болса да, коммуналдық жүйелер жергілікті биліктің құзырына өтпеген. Соның салдарынан дұрыс қызмет ала алмай жүрміз дейді жұрт.

Гүлжан ОКУТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз қыс бойы аваринка шақырып шығамыз. Каналдың сеттері рәсімделмеген, өткізілмеген. Одан қалса, мына Астана энергоказбыт бізге одэм бойынша 180-200 мыңға дейін артық қарызға кіргізіп, шоттарды арестке қойып жатыр. Мен прокуратурағада жаздым кісілермен. Қала әкімдерімен осы мәселені шешетін уақыт жетті ғой.

Айта кетейік, көшелерде электр бағаналары да дұрыс орнатылмаған. Сондай-ақ футбол алаңындағы қоршау да бір жылға жетпей қирап қалыпты. Тұрғындар үйдің сапасы сын көтермейтінін айтады.

Ықтияр МЕЙІРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің талаптарымыз газге қосылса дейміз. Қаладағы Көктал Юго востоктарды қосты ғой солай қаладағы газге қосса дейміз. Өйткені бізде квадратурасына 380 тг ден шығып тұр бізде.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мердігер компанияның коммуналдық жүйеге қосылуға қажетті құжаттары болмаған. Барлығы енді реттеліп жатқанын жеткізді.

"АСТАНА СУ АРНАСЫ" МКК:

Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешенін орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстары аяқталғанын хабарлаймыз. Келесі аптада мердігер компаниядан тиісті декларацияны толтыру және қол қою үшін хат күтеміз.

Тұрғындар енді мәселенің толық шешілетініне үмітті. Болмаса, мұндағы 105 пәтердің иесі айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ.