Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 9-сынып оқушысы ұстазы мен сыныптасын пышақтап тастады

Павлодарда 9-сынып оқушысы ұстазы мен сыныптасын пышақтап тастады. Сұмдық оқиға қаладағы №14 мектепте болған. Абырой болғанда, екеуі де аман қалды. Бірақ, мұғалімнің кеуде тұсы мен иығы жараланған. Ал сыныптасының арқасы мен иығына пышақ салған. Қазір зардап шеккен мұғалім мен оқушы дәрігерлердің ем шарасынан кейін үйіне жіберілді. 9-сынып оқушысының не себепті мұндай жағдайға барғаны әзірге белгісіз. 

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Полиция Павлодар қаласының мектеп оқушысын ұстады. Ол сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Айгүл МҰҚЫШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екі бала бір-бірімен төбелесіп жатқан кезде бір балада пышақ болған. Сол кезде мұғалім екеуіне арашалаймын деп өзі де сол жарақат алды.