Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте балабақшада бір бала екіншісін басынан орындықпен ұрған

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2024
  • 623

Шымкентте балабақша тәрбиеленушісін топтағы балалардың бірі орындықпен ұрған. Оқиға жекеменшік «Березка» балабақшасында болған,-деп хабарлайды smartnews.kz.

Баланың соққы алған сәтінің видеосын Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев желі парақшасында жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, балабақшада тәрбиешілер бүлдіршіндерге дұрыс қарамаған. Ал соққы алған баланың басы жарылған.

Қалалық білім басқармасындағылар оқиға тәрбиеші дәлізде басқа бүлдіршіндерді киіндіріп жатқан сәтте болғанын, дереу баланың ата-анасына хабар берілгенін айтты.Бүлдіршін «Асар» шағынауданындағы балалар емханасына жеткізілген.

«Дәрігер толық тексеріп, ешқандай ауыр зақым келмегенін анықтады. Балабақша әкімшілігі бүлдіршіннің ата-анасынан кешірім сұрады. Оқиғадан кейін тәрбиеші мен балабақша меңгерушісіне өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза берілді», - деді білім басқармасындағылар.