Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлерге салынатын айыппұл 50% азаюы мүмкін

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2017
  • 2607

Биылғы жылдың соңына дейін елімізде әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты айыппұлдар 30 пайызға дейін азайтылуы мүмкін. Әділет министрлігі әзірлеген заң жобасы бойынша қазіргі кодекстің 300-ге жуық бабына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бүгін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында Әділет министрлігімен қатар парламент депутаттары және Бас прокуратура өкілдері бұл бастаманы жан-жақты саралады. Жаңа өзгерістер негізінен әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген жазаларды ізгілендіруге бағытталған. Егер заң жобасы қабылданса, кәсіпкерлерге салынатын айыппұл 50 пайызға дейін жеңілдейді.

Дархан Игембаев, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры:


Атап айтқанда, айыппұл көлемін азайту, 150-ден астам бап бойынша қарастырылып жатыр. Бүгінгі таңда талқылауға салынатын болады. Ескерту жазасын кеңінен пайдалану тағы да жүздей бапқа қатысты болады.