Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада «Ерікті көмекке» желісі іске қосылды

Қызылордада «Ерікті көмекке» желісі іске қосылды. Пилоттық жоба «AMANAT» партиясы облыстық филиалының бастамасымен елімізде алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Ондағы мақсат әртүрлі қолкөмекті қажет ететін жандар туралы ақпарат алып, мәселесін шешуге ықпал ету. Мәліметтер 109 call centre арқылы ананимді немесе ашық түрде жинақталатын болады. Қазіргі таңда 10 жас қоғамдық негізде жұмыспен қамтылған. Олар әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты 20-ға жуық ардагерге көмек көрсетіп үлгеріпті. Енді «Ізгілік апталығы» жарияланып, түрлі қайырымдылық шаралар өткізілуде. 

Әсетхан БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жылдың соңына дейін облыс бойынша жүзеге асырамыз деген жоспарымыз бар. Жыл көлемінде жоба өз нәтижесін беріп жатса, республикадағы біздің әріптестерімізге ұсынбақшымыз. Бұл жобаның мақсаты елімізге, халқымызға, жастарымызға үлкен бір септігін тигізеді деп сенеміз.