Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Павлодарда «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері жатақханаларға тексеру жүргізді. Өңірдегі студенттерін үйін аралап, олардың жағдайымен танысты. Жоғары электроника және коммуникациялар колледжіне 2019 жылы жаңа жатақхана салынған. 200 орынды нысанда студенттерге барлық жағдай жасалынған. Бір бөлмеде 2 студент тұрады. Олардың кір қоңын жууға арналған бөлме, киім үтіктеу секілді қажеттінің бәрі бар. Тексеру барысында оқылықтар анықталынбады. Бірақ, аймақта студенттерге арналған жатақханаларға тапшылық байқалады. Қазір шамамен 700 орынға қажеттілік бар. 

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тек тұрмыстық жағдайы емес, студенттердің әрі қарай дамуына мәдени, спорт жағынан даму үшін де барлық жағдай жасалынған. Сондықтан да бұл жатақхананың жағдайы өте жақсы деп айтуға болады.