Русский Сайттың толық нұсқасы

"Отбасы - өмірдің негізгі құндылықтарының, ұрпақ сабақтастығының сақтаушысы", - А. Балаева

Бүгін - халықаралық отбасы күні. Осыдан 31 жыл бұрын Біріккен Ұлттар ұйымы отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыру үшін бұл мейрамды белгілеген болатын.  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтады. Бүгінде еліміз- отбасын қорғайтын заңнамалық база қалыптасқан жетекші елдердің бірі. Әлеуметтік кодекс- мұның айқын дәлелі. Министр атқарылған игі істердің барлығы болашақ үшін, дамыған әрі өркениетті Қазақстанда өмір сүретін балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасалып жатқанын айтты. 

Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Әрине, адам өмірі отбасыдан басталады. Онда оның балалық шағы, тұлға болып қалыптасу жолы өтеді. Сондықтан отбасы махаббат пен құрметтің, ынтымақтың ұясы болып қала берері анық. Ал адам онсыз өмір сүре алмайды. Қазақстан халқы үшін отбасының орны - ерекше. Отбасы - өмірдің негізгі құндылықтарының, мәдениетінің, ұрпақ сабақтастығының сақтаушысы.