Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда көлік қағып кеткен ер адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2024
  • 393

Ақтауда 32В шағынауданының көлік жолында ер адамды көлік қағып, қайтыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Хундай Сантафе маркалы автокөлігі жолда өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетіп, мерт қылған. Қазір көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

- Автокөлік айыптұраққа жабылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - деді МО полиция департаментінің баспасөз қызметі.