Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстанда қауіпті кезең басталды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2024
  • 520

Мамандар жыл сайын қауіпсіздік мақсатында көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап және сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін олардың мұздан толық ашылуына дейін тексеру жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар. Бұлар негізінен автожолдардағы, өзен бассейндеріндегі таулардың жағалық беткейлері мен құлдилары: Риддер қаласы - Громотуха, Уба; Алтай ауданы - Бұқтырма, Хамир,Черновая; Катонқарағай ауданы - Бұқтырма; Зайсан ауданы - Кендірлік.

Сел және сырғыма қаупі бар кезеңнің қауіпсіз өтуіне әзірлік мақсатында ТЖД "Қазселденқорғау" ММ филиалымен бірлесіп, сел және сырғыма қаупі бар учаскелерде облыс халықы мен инфрақұрылымының қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады. Өзен арналары және сел, сырғыма қауіпті учаскелері бойынша жоспарлы жерүсті және аэровизуалды зерттеу кестесі әзірленді. Мұздақ көлдерде батиметриялық жұмыстар жоспарланған. Сел қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары және сырғыма қауіпті учаскелерде 18 қалқан орнатылды, көшкін сел және сырғыма қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, объектілері мен құрылыстары ықтимал сел қаупі бар учаскелерде орналасқан кәсіпорын басшыларына, жеке үй иелеріне хабарламалар-ұсынымдар берілді.

Сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және 1 жыл бойғы гидропост жұмыс істейді.

ТЖД және "Қазселденқорғау" филиалы сел тасқынынан қатерден құтылу арқылы ғана құтылуға болатынын еске салады. Қауіпсіздік мақсатында сел қаупі бар кезеңде тауларға барудан бас тартқан жөн. Тұрғындарға аймағыңыздағы сырғыма қауіпі ықтимал орындары мен олардың шамамен шекараларын білуі керек.