Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде асқазаны ауыратын балалар саны көбейген

Балаңыздың бойы өспей, арықтап немесе артық сал¬мақ қосса дереу дәрігерге қаралу керек. Себебі, асқазан ауруы болуы мүмкін. Мамандар осылай дейді. Қорқыныштысы, баланың ақыл- есінің дұрыс дамымауына да әсер етеді. Аурудан арылудың жолы қандай? Дұрыс тамақтану әдебін қалай сақтау керек? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек мамандармен тілдесті.

Елімізде асқазаны ауратын балалар саны көбейген. Әсіресе дерт 10-13 жастағыларда жиі кездеседі. Гүлназ Ахметқанова қызы - 3-те. Айтуынша қызының іші қатып, асқазаны ауырып мазалаған соң дәрігерге қаралуға әкеліпті. Ол кішкентайынан бері ыстық тамақтан гөрі, тәттіге құмар дейді.

Гүлназ АХМЕТҚАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Байқап жүргеніме 1 жылдай болды. Кейде жанағы ішек инфекциясы дейді. Ратовируспен де құсып кейде ондай ауырған кездерде болды иә іші өтіп.

Ақхалатылардың айтуынша, асқазан ауруы мектеп жастағылардың арасында 30-40 пайызға артқан. Аптасына 20-дан астам бала қаралуға келеді дейді.

Анар МҰХТАР, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ:

Дұрыс тамақтанбаса және де қосымша, бактерия болса асқазанда онда оның барлығы жара түзілуіне алып келсе. Ол асқазанның пенитратсиясы, перпаратциясы деп аталады. Яғни қарапайым тілмен айтқанда асқазанның тесілуіне немесе қан кетуге алып келу мүмкін.

Ал диетологтар баланың дұрыс тамақтанбауы ата-ананың қателігі дейді. Себебі көңілін аулау үшін кез-келген тәттіні қолыңа бере салады. Оның соңы ауруға апарады. Бұның алдын алу үшін ең бірінші оларды майлы дақылдардан, тәттілерден тию керек дейді.

Бірғаным БҰРЫМТАЕВА, ДИЕТОЛОГ:

Тәтті жеп үйреніп қалған бала күнделікті, әртүрлі сусындар ішіп қалған балаға бірден ішуге болмайды деп тартып алуға болмайды. Бұл психологиялық тұрғыдан өте ауыр болады. Әртүрлі тәттілерді негізі пайдалы тағамдардан, әртүрлі жеміс-жидектерден езу арқылы өзіңізден дәмді пайдалы тағамды жасап беруге болады. Бұл балаға дүкендегі химикаты көп тәттілерден қарағанда қолда үйде жасалынған тәттілер балаға мың есе пайдалы болады.

Асқазанның амандығы басқа бүкіл мүшелердің саулығымен тығыз байланысты. Сондықтан ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде.