Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысының іргесіндегі Ұзынағаш ауылында байланыс қызметі нашар

Алматы облысының іргесіндегі Ұзынағаш ауылында байланыс қызметі нашар. Біздің арнамызға осылай деп шағымданған тұрғындар оған қоса, су мен жол мәселесін де құзырлылар шешіп берсе дейді.

Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір мұндағы тұрып жатқан 100-ге тарта отбасы интернетсіз әбден қиналған. Не ешбір желі жасамайды, елде не болып жатқанынан хабарсызбыз. Ай сайын оған төленетін 6000 теңге желге ұшқан қайран ақша дейді.

Үсен НҰРСӘУЛЕ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мына телефонменен сөйлесе алмай қалдық қой қысқасы. Интернет жоқ. Туыс-туған, андай-мындаймен сөйлесе алмасақ, хабарласа алмасақ... Бекер отырмыз сонымен.Көрші көп енді, 100 семья бар ғой енді. Барлығы осындай жағдайда отыр әзір енді.Бүгіннің өзінде жоқ, интернет міне.

Байланыс қызметінен бөлек, мұнда ауыз су жоқ. Нәлімберді ЗАРУдың мұнда көшіп келгеніне жылдан асқан. Ішетін суын күнде сатып алады. Оған жылына шамамен 200 мың теңге жұмсайтын көрінеді.

Нәлімберді ЗАРУ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мына центральный су жоқ, таза су. Құдық суын ішіп жатырмыз қазір, ол таза емес. Қоқыр-қоқсық, бірдеңе толып қалады әйтеуір, соны тазартып. Магазиннен сатып ішеміз енді, шөлдеген кезде. Сол магазиннен барып жаңа алып келдім, күн ыстықта шыдамай соны әкеліп ішіп жатырмыз, әне тұр.

Алдаш МАМЫТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Екі жыл болады осы жерге келгеніме, бірақ жол мәселесі жаман, интернет жоқ. Мына көршілерге келгенде дырың-дырың жатады батып.Бүйерде өзің шеше бересің, бар заттың бәрін. Акимат бір келіп, «сен қалайсың, суың бар ма, газың бар ма» деген жоқ ондай.

Газ құбырын да тұрғындар 650 мың теңгеге өздері жүргізіп алыпты. Ал су мен байланыс мәселесінің қашан шешілерін білмейді.

Мұхтар ӘБДІКӘРІМ, ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жетісу көшесі және де Мектеп көшелеріне тағы да басқа көшелеріне су құбырлары жұмыстары жүргізілді. Сол жақтың тұрғындары қазірден бастап өтініш жазса болады. Және де 1-2 аптаның көлемінде сол көшелерге су жүргізіледі деген жоспар бар. Бұйрса осы Alma Tv интернеті жүргізілу жоспарда бар. Келісімшартқа отырып жатырмыз. осы 1-2 айдың ішінде жобамызда бар, қосылуына.

Ал жолдың жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құжаттарды әзірлеп, конкурсқа жібереміз дейді жауаптылар. Бар мәселе жыл соңына дейін шешілетінін айтты.