Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат депутаты қазақстандықтарды жылжымайтын мүлікті сақтандыруға міндеттеуді ұсынды

Бүгін Сенат отырысында қазақстандықтарды жылжымайтын мүлікті сақтандыруға міндеттеу туралы ұсыныс айтылды. Депутат Бибігүл Жексенбай Премьер-Министрдің атына осылай деп сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, ел аумағының 75 проценті табиғи апаттар қаупі жоғары аймақтардан тұрады. Биыл елімізде су тасқыны салдарынан 13 мыңнан астам тұрғын үй зардап шекті. Сондықтан «міндетті сақтандыру жүйесін тез арада ретке келтіру қажет»,- деді. 

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Елімізде жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруды енгізу мүмкіндігі соңғы 20 жылда кезең-кезеңімен талқыланып келеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыс жүйелі, мақсатты жүргізілмегендіктен, елімізде сақтандыру компанияларына сенім аса төмен.