Русский Сайттың толық нұсқасы

“Күніне 5 миллион теңге”: Банк бөлімшесінің бастығы қаржы жымқырып келген

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2024
  • 964

Шығыс Қазақстан облысында банк бөлімшесінің басшысы 32 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген айыппен сотқа тартылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде меншіктеу немесе ысырап ету бабы бойынша қылмыстық іс Риддер қалалық сотында қаралған.

"Сотталушы банкте операциялық-кассалық бөлімінің бастығы және ақша мен құндылықтарды сақтау тәртібінің жауапты тұлғасы бола отырып, 2023 жылғы 11 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында 31 900 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағаны анықталды. Бұл ретте ол күн сайын 2,5 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі ақша қаражатын ұрлаған", - делінген облыстық сот хабарламасында.

Банкке келтірілген залал өтелмеген.