Түркістан облысында мектеп оқушысы 207 елдің мемлекеттік туын жазбай танып, астаналарын жатқа айтады.
Алтыншы сыныпта оқитын Бағлан Әбдіғаппардың шет ел астаналарының атауын жаттауға деген қызығушылығы үшінші сыныпта оқып жүргенде басталыпты. Ұстаздарының айтуынша, Бағлан кішкентайынан өте зерек, ізденімпаз бала. Ал оның әлем тануға деген қызығушылығы мен шет мемлекеттердің атауларын мүдірмей айтуға ынтасын алғаш өзінің атасы байқаған. Немересінің дарынын ашқан сол кісі.
Бағлан ӘБДІҒАППАР, №26 Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
Атамның жас кезінде 127 мемлекет болған екен. Соның астаналарын және өзін атам жатқа білген. –«Атлас мира» деген кітаптан мемлекеттердің қай жерде орналасқанын және қай теңіздің жанында орналасқандарын барлығын сол кітаптан білдім.