Ақтөбенің Қобда ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 113 үй салынып жатыр. Жұрт екі айдан кейін өз үйлерінде қоныс тойын тойлайды.
Қобдада қарғын су 295 үйге кірді. Оның 150-І апатты жағдайда деп танылды.Бірінші мамырдан бастап су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа үйлердің іргетасы қаланды. Қазір Қобдада 89, Жарық ауылында 24 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Нұрбибі ЕШЖАНОВА, ТҰРҒЫН:
Алғысымыз шексіз. Енді үйім әркім өз үйі әлде қандай ғой. Өз үйімізді аңсаймыз. Бірақ жаңа үйдің ірге тасын күтіп отырмыз. Үкімет далада тастап жатқан жоқ. Үйімізді салып беріп жатыр. Енді адамға қазіргі жағдайда төбемізде үйіміз болғаны дұрыс әрине. Сол үйді енді күтіп отырмыз.
Бұл жаңа үйлер құрылысына демеушілер көмегімен 15 мердігер мекеме жұмылдырылған. Үйлер 80 шаршы метрден бір типтік үлгіде болады. Бұл жерде тағы осындай 126 баспана салынады.
Қанат МЫҢБАЕВ, ҚОБДА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қалғаны 37 үйге инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстар негізі екі ай мерзімге жоспарланып отыр. Шілденің, тамыз айының басында аяқтау жоспарланып отыр.
Қобда, Ойыл және Ырғыз ауданын қосқанда 645 отбасына жаңа үй беріледі. Ал 431 отбасы өз қалауы бойынша дайын үйлерге қоныстанбақ.