Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова желіде екінші жүктілігі кезін түсірген фотосессия бэкстейджін жариялады. Жұртшылық әншінің образын талқыға салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Instagram-дағы парақшасында: "Балалы болуды армандаған әр әйелге ана болу бақыты бұйырсын" деп жазды.
Жазылушылар түрлі пікірлер жаудырды.
“Жүкітілік ажарландыра түскендей”, “Қыз болады-ау”, “Rihanna-ға ұқсайды”, “Дженифер Лопес жолда қалды”, “Тағы да ұл болады”, “Тіл көзден сақтасын”, – деді пікір қалдырушылар.