Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдан 280 шақырым жерде жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2024
  • 1018

Сейсмологтар Алматыдан 280 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 18 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 12:10-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9, магнитудасы – MPV 4,6, тереңдігі – 5 шақырым.

Қазақстан аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) жер сілкінісі сезілген жоқ.