Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2024
  • 700

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында із-түссіз жоқ болып үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды. Ол көрші үйдің дәретханасына түсіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кішкентай Асылым есімді бүлдіршіннің көз жұмғаны туралы журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеді. 

Деректерге сай оқиға шағын Сіргелі ауылында орын алған. Бүлдіршін таңғы асты ішіп болған соң үлкендер әрлі-берлі жиналғанша із-түссіз жоқ болған. Кейін қызды ауыл болып үш күні іздеген. Ауылдағы барлық құдық, дәретхана, құбырлар сорғызылып қаралған.

Алайда үш күннен соң бүлдіршіннің денесі қарама-қарсы көрші үйдің дәретханасынан табылды. 

“Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады.

Қайғы жұтқан Асылымның ата-анасына, туыстарына, барша қазақ еліне көңіл айтамын.

Жатқан жерің пейіш болсын, періште. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, халайық”,- деді Гүлмира Әбіқай өз парақшасында.