Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қолымнан ештеңе келмейді". Қара бетперде таққан жігіт жертөледе тұрған отбасыға пәтер сыйлады

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2024
  • 946

Қара бетперде таққан жігіт жертөледе тұрған отбасыға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Менің атым - Кәусар. 12-демін. Сіңілім бар, эпилепсиямен аурады. Анам етханада еден жуушы болып жұмыс істейді, кейде темір тапсырады. Біз жертөледе тұрамыз. Мұнда қиындық көп болады. Ішіп алған адамдар, есірткіге әуес адамдар кіріп кетеді. Ыстық судың құбыры жарылады. Анама қиын екенін түсінемін, бірақ қолымнан ештеңе келмейді. Анам Алладан көмек сұрайды. Бізді Алла тастамайтынына сенімдімін", - дейді Кәусар.