CNN телеарнасы P. Diddy атымен танымал америкалық рэпердің сүйіктісін аяусыз ұрып-соғып жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
P. Diddy (шын аты Шон Комбс) бір кездері әлемдегі ең табысты рэперлердің бірі болған. Енді 54 жастағы орындаушы әнімен емес, Лос-Анджелестегі қонақүйлердің бірінде сүйіктісін аяусыз соққыға жыққаны үшін жұрт назарын өзіне аударды.
CNN 2016 жылдың 5 наурызындағы бейнебақылау камераларының түсірілімдерін жариялады. Видеода Комбс өзінің бұрынғы сүйіктісі, R&B әншісі Кассандра Вентураны шашынан сүйреп, ұрып-теуіп, сүйреп жатқаны көрінеді.
Өткен жылдың қараша айында Вентура рэперді басқа еркектермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін, ал өзі бүкіл процесті видеоға түсіргенін айтып, сотқа шағымданды. Сонымен қатар, Вентура өз сөзінде Шон Комбстың оны ұрып-соққанын және 2018 жылы онымен ажырасқысы келгенде, зорлағанын айтты.
«Адам шошытарлық видео Комбс мырзаның зорлық-зомбылық әрекетін растай түсті», - дейді Вентураның адвокаты Дуглас Вигдор.
Оның айтуынша, видео интернетте енді ғана пайда болды, себебі қызды ұрып-соққаннан кейін Комбс видео көпшілікке тарап кетпеуі үшін 50 мың доллар төлеген.
Басылымның жазуынша, Вентураның соққыға жыққаннан кейін екі күн өткен соң, яғни 2016 жылдың 7 наурызында рэпер мен оның құрбысы фильмнің премьерасына келіп, қол ұстасып жүрген. Көңіл бөліп қарайтын болса, Вентураның денесінен соққы іздері көрінеді.