Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайға ет экспорттауда едәуір кедергілер бар - АШМ

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2017
  • 2956

"Ет бағасын көтеріп отырған саудагерлер болуы мүмкін". Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары мәлімдеді. Ол, қазір нарықта ет жетіспеушілігі жоқ, деп отыр. Шенеуніктің болжамынша, ет құнының артуы ауа райының қолайсыздығы мен тасымалдағы қиындыққа байланысты болуы мүмкін.

Қайрат Айтуғанов,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

Баға қымбаттап жатқан жоқ, мүмкін, Астанада шығар көтеріліп жатқан супермаркеттерде. Қазір елде ет жеткілікті. Шетелге де шығарып жатырмыз, Ресейге, мысалы. Шаруа қожалықтары емес, етті қымбаттатып отырған саудагерлер. 

Биыл Қазақстан етті Қытайға экпорттау жобасын бастап кетті. Бірақ жобаның қарқын алуына кедергілер бар көрінеді.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:


Аусыл індетіне байланысты Қытай тарапынан біздің етті енгізуге шектеу бар. Сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің сертификатының жоқтығы да қолбайлау болып отыр. Алдыңғы кедергі бойынша шектеулердің алынуына қол жеткізу мақсатында шаралар жүргізілді, енді аусылға қатысты шектеу жақында алынады деп үміттеніп отырмыз.

Ал сібір жарасының ошағы саналатын көптеген мал қорымдары әлі де табылмай отыр. Ветеринарлық қадағалау комитеті өкілінің дерегінше, кадастрға сай, Қазақстан аумағында 2 608 мал қорымы бар, оның  2 248-інің орны белгілі. Анықталмаған мал қорымдарын іздестіру жалғасып жатқан көрінеді. Өткен жазда Қарағанды мен Павлодар облыстарында сібір жарасы өршіген еді. Сол кезде үкімет басшысы мал қорымдарын қоршау мен тиісті белгілер орнатуды тапсырған еді. Бірақ ведомство өкілі мал қорымдарын белгілеудің арнайы картасы әлі күнге жасалмағанын мойындады.

Тұрсын Қабдолданов, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Есть у нас сведение по всем очагам, где определены широта долгота расположений, но создание карты рассматривается.  -То есть еще нет?  - Пока нет.