Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Қызылорда халқымен кездесіп, жолдауды түсіндірді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2017
  • 2982

Бүгін бір топ Мәжіліс депутаты Қызылорда халқымен кездесті. Президент жолдауының барлық тармақтарын түсіндіріп, жергілікті тұрғындармен ашық сұхбат өткізді. Депутаттарды ақсақалдардың заманауи техникаға қызығушылығы таң қалдырды. Мәжілісмендер "Сандық Қазақстан" жаңа бағдарламасы жайында да әңгіме өрбітті. Жиналғандарды ауылдық жерлерге IT-технологияның қалай енгізілетіні қызықтырды.

Майра Айсина, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қазақстандағы электрондық сандық жүйе өте қызық. Әсіресе, бұған ересек адамдардың қызығушылығы мені бір жағынан таңқалдырды. 70-80 жастағы кісілер жақындап келіп, біздің электронды адресімізді жазып алып жатыр. Біз оларға бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің көптеген түрі электронды жүйеге көшіп жатқанын айтқанда, олардың одан сайын қызығушылығы артты.

Елбасының мемлекеттік билік тармақтарын бөлу жөніндегі Үндеуі мен Жолдауын түсіндіру үшін Ақтөбеге барған депутаттар ферроқорытпа зауытының ұжымымен кездесті. Олар мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын баяндады. Жұмысшылардың шағымдары мен ұсыныс-тілектерін де тыңдады. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 5 мыңнан аса адам еңбек етеді. Зауыт қазіргі күні заманауи құрылғылармен жабдықталып, жылына 300 мың тоннадан артық ферроқорытпа өндіріп отыр. Депутаттар кәсіпорынның қазірдің өзінде Елбасы жолдауында айтылған талаптар үдесінен шығып отырғанын айтты.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

«Жаңа технологиямен салынған. Жолдауында үшінші өндіріс туралы айтылғанын білесіздер. Керекті тауарлар шығарып жатыр. Шетелге кетіп жатыр барлығы, экспортқа. Осындай зауыттар Қазақстанда көп болса, экономикамыз дамиды деген үлкен сеніміміз бар».