Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанат Жақиянов АҚШ-та алғашқы жұдырықтасуын өткізбек

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2017
  • 2460

WBA тұжырымы бойынша "супер чемпион" Роуши Уоррен мен WBA белбеуінің иегері қазақстандық Жанат Жақиянов шаршы алаңға шықпас бұрын көз арбасты. Америкалық және қазақстандық боксшы ертең АҚШ-тағы Толедо қаласында жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте 29 жастағы Уоррен жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпион атағын қорғайды. Айта кетейік, бұл Жақияновтың АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі.



Кәсіби футбол мансабында бірде бір рет қызыл қағаз алып алаңнан қуылып көрмеген «Баварияның» қорғаушысы Филипп Лам маусым аяқталғанда аяқдоп өнерімен қош айтыспақ. Жақында Мюнхендік команда үшін 500-ші матчын өткізген Ламның бұл мәлімдемесін клубтың ресми сайты да растап отыр. «Мен футболшы ретінде бұл соңғы маусымым. Осыған байланысты өз ойыммен бөліскім келеді.  Капитан ретінде командаға үнемі пайдам тиюі керек. Қазір саралай келе, келер жылдарда топ-деңгейде өнер көрсете алмайтынымды сеземін», - деді Германия футбол құрамасының экс-қорғаушысы. 11 жасынан «Бавария» клубының құрамында доп тепкен Филипп осы уақытқа дейін 7 мәрте Германияның чемпионы атанған, 6 рет ел кубогін, 2 рет мемлекет суперкубогін ұтқан. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасы мен УЕФА-ның суперкубогының иегері атанған. 2014 ұлттық құрамасымен әлем чемпионы атағын иеленген.



Сүйікті командасын кез келген сәтте қолдау үшін шынайы жанкүйерлер кез келген  амалды табады. «Ювентус» клубының қолдаушысы сүйікті командасының сырт алаңда «Кротонеге» қарсы ойынын өткізіп алмау үшін дәрігерлерді алдап ауруханаға жатқан. Мұндай қадамға баруының себебі, емделу палатасынан футбол алаңы жақсы көрінетіні анықталған.  Ойын басталмас бұрын ол клуб кассасына барып билет сатып алмақ болған, бірақ кассада билет болмағасын, осындай амалды ойлап тауыпты. «Эцио Щида» стадионында өткен ойында Ювентус Марио Манджукич пен  Гонсало Игуаиннің соққан голдарының арқасында жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтты. 

Айбек ҚОСАН