Русский Сайттың толық нұсқасы

Олжас Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын тездету жөнінде тапсырма берді

Премьер министр Олжас Бектенов облыс әкімдеріне су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын тездетуді тапсырды. Су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға жергілікті атқарушы органдар қажетті көмек көрсетеді. Жергілікті әкімдіктер зардап шеккен тұрғындарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 794 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. 239 отбасы қираған баспаналарының орнына пәтерлер мен үйлерге ие болды. Сонымен қатар 891 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіру үшін өтемақы алды. Жалпы зардап шеккен өңірлерде 11 137 тұрғын үй зерттеліп, 7 863 нысанға бағалау жұмысы жасалды. Айта кету керек, суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.

239 отбасы қираған баспаналарының орнына пәтерлер мен үйлерге ие болды.

891 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіру үшін өтемақы алды.

11 137 тұрғын үй зерттелді.

7 863 нысанға бағалау жұмысы жасалды малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.