Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда адамдар тойда жаппай уланып қалған: оқиғаға қатысты жаңа дерек пайда болды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2024
  • 864

Екібастұз мейрамханаларының біріндегі жаппай улану дерегі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Биыл сәуірде 30-дан аса адам жергілікті мейрамханаға тойға барғаннан кейін ауруханаға түскен еді. Енді зардап шеккендер көп екені белгілі болды.

Жергілікті басылым мәліметінше, алғашында 32 адам медициналық көмекке жүгінген. Содан кейін зардап шеккендердің саны 94-ке дейін жеткен, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі тоғыз бала бар. 59 науқасқа сальмонеллез диагнозы қойылды, қалғандарында ішек инфекциясы және ас қорыту жүйесінің бұзылуы диагнозы байқалған.

"Қонақтар мейрамханада тамақ ішкен, сондай-ақ, өнімдерден сальмонелла және патогенді стафилококк бактериялары табылған", - деді Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдер.

Сонымен қатар, кафеде дезинфекция режимі сақталмаған болып шықты, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болмаған.

"Тоғыз қызметкер патогендік стафилококк, тағы төртеуі сальмонеллез тасымалдаушы болып шықты", - деді өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Мейрамхана қызметкерлері жұмыстан шеттетілді.