Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Мемлекет басшысы Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Онда «Өз ұлтының ұлы перзенті Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз» делінген. Естеріңізге салайық, Президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясының мүшелері тікұшақ апатынан қаза тапқан еді. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен халқымның атынан қайғырып көңіл айтамын. Президент Ибрахим Раиси – мемлекеттің нағыз көшбасшысы болды. ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде мен оның дүниежүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесі айқын екенін айттым. Біз оның Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан еңбегін бағалаймыз. Әрине, біз оны сағынамыз.

Али Акбар ДЖОУКАР, ИРАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Елшілікке сіздің келуіңіз бізге жұбаныш. Менің ойымша, Президент Раиси айтқандай, екі мемлекет бауырластық және достық қарым-қатынаста. Біздің алдымызда ешнәрсеге қарамастан жұмысты жалғастыру деген үлкен міндет тұр. Тағы да алғыс айтамын. Мен сіздің халқыңызға жақсылық, бейбітшілік, денсаулық тілеймін.