Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыртқы істер министрінің төрт бірдей орынбасары қызметтерінен босатылды

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2016
  • 1359

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің төрт бірдей орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы президенттің өкімі шыққанын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Министрдің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев та бұл лауазымынан кеткенімен, ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары қызметін жалғастыра бермек. Ілі-шала жаңа орынбасарлар тағайындалды. Елбасының өкімімен Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ал Ақылбек Камалдинов, Ғалымжан Қойшыбаев және Роман Василенко орынбасар қызметін атқаратын болды.

 Айгүл ӘДЕПБАЙ