Франчайзинг нарығын мемлекеттік реттеуді күшейту қажет. Түркі франчайзинг қауымдастықтарының халықаралық съезіне қатысушылар осылай деп пікір білдірді. Айтуларынша, франшизаны сатып алған тарап пен оны сатушылардың жауапкершілігін арттыру үшін келісім-шарт тіркелуі маңызды.
Айдын АРТЫҚОВА, ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Басқа франчайзерлер біздің Қазақстанның нарығына келіп, басқа патент иеленушілер немесе тауар иеленушілердің құқығын бұзған жағдайда, әрине, олар сотқа барып жүгінеді. Сол кезде осы шарттардың тіркеліп – тіркелмегендігі қаралады.