Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады. То Ламға алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынас байланыстырады. Қасым-Жомарт Тоқаев "Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын",- делінген құттықтау жеделхатта.