Русский Сайттың толық нұсқасы

Бухгалтерлер енді жеке тұлға ретінде әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

Енді елімізде бухгалтерлерге әкімшілік жауапкершілік күшейеді. Бүгін Мәжілісте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Депутат Абзал Құспан есепші бұрын тек заңды тұлға ретінде жауапқа тартылса, енді оның жеке тұлға ретінде жауапкершілігі қарастырылатынын айтты. 

Абзал ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қолданыстағы қазіргі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің сіз атап өткен бабында бұл заңды тұлғалардың жауапкершілігі көзделгендігі рас. Бұл осы заң жобасыменен біз жеке тұлға ретінде жауапкершілікті енгізіп отырмыз. Яғни, қылмыстық істен алып әкімшілік кодекске отырғыздық. Сол арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатып, бірақ жеке тұлға ретінде есепші, бухгалтер жауапкершілікке тиісті деңгейде тартылатын болады.