Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал блогер сот арқылы алимент төлеуге мәжбүр болды

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2024
  • 891

Қазақстандық танымал блогер Дархан Жолшыбек сот арқылы алимент төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Алматы соты хабарлады.

С., Алматының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Ж.-ның (Дархан Жолшыбеков - ред.) танымал блогер бола тұра, басқа да табыстары болса да, 20 000 теңге алимент төлейтіні туралы арызданған.

Сот анықтағандай, бұрын сот шешімімен Ж.-ның кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.

Істі қарау барысында баланың әкесі Ж., жалақысы 70 000 теңге болатыны туралы анықтама ұсынған.

"Осы орайда, банк анықтамаларынан Ж.-ның есепшотында қомақты ақша қаражаттары бар екені, қымбат сатып алулар жасайтыны, туризм және демалыс мақсатында республикадан тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды. Сот іс бойынша анықталған мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің басқа да кірістерін ескере отырып, баланың мүддесін ескере отырып, сотталушы Ж.-ның пайдасына 30 АЕК тұрақты сомада алимент өндіру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады сот.